Дәрігерлер кесілген аяғын көму үшін алматылық тұрғыннан ақша сұрады

Тoday.kz
Олар аяқты 10 мың теңге берсе ғана жерлейтіндерін айтқан.
Алматы облысының тұрғыны Виталий Глущенконың ауруханада кесілген аяғын мәйітхана қызметкерлері қабылдамаған. Олар аяқты 10 мың теңге берсе ғана көметіндерін айтқан, - деп хабарлайды Today.kz.

Ер адам 72 жаста, оның көзі көрмейді.

"27 қараша күні Алматы облысы, Есік қаласының ауруханасында аттасымның аяғы кесілді. Мәйітхана қызметкерлері: "Аяқты алып кетіңіздер, құжатын береміз, өздеріңіз көмерсіздер", - деді. Қалай істейміз? Бірінші рет бұндай жағдайды өткеріп отырмыз. Олар бәрін мәйітханаға өткізетін еді ғой. Аурухана мен мәйітхана арасында қандай да бір келісім болуы керек қой. Аяқ қала берсін деп едік, олар 10 мың теңге сұрады", - дейді Виталий Глущенко деп аталатын тағы бір науқас.

Есік қаласының хирургиялық бөлімі кесілген мүшелердің бәрі иесіне қайтарылатынын немесе зерттеу мақсатында және утилизация үшін мәйітханаға жіберілетінін айтты.

"Әрине, бәрі тегін жасалады. Көп жағдайда адамдар діни көзқарасына сәйкес немесе басқа да өзіндік себептерімен қолхат жазып, кесілген мүшесін алып кетіп жатады", - деді Есік қаласы ауруханасының хирургиялық бөлімінің өкілі.

Аурухана мәйітхана қызметкерлерінің не үшін ақша сұрағанын анықтайтын болады.

Фото: today.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды