Желтоқсан айына арналған ауа райы болжамы

Фото: bryansktoday.ru
Желтоқсан айында салқындаудың үш толқыны болатыны болжануда.
Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде антициклонның ықпалы болып, еліміздің барлық аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз, ал түнде және таңертегісін тұман түседі, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ауа-райы температурасы, батыста түнде 2…12 аяз, күндіз 2 аяз…3 жылы; солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 10…20 аяз, күндіз 2…10 аяз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде айдын басында жоғарғы циклон ықпал етіп, жауын шашын жауып, тұман және көктайғақ сақталады. Ауаның температурасы онкүндік бойы түнде 5…15 аяздан 0…5 аязға, күндіз 0…5 аяздан 0…8 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Ұзақ мерзімге болжам бойынша екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын толқындары болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа массаларының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндіктің соңында қарқынды салқын күтіледі. Ауа-райы температурасы түнде 25…35 аязға, күндіз 15…20 аязға дейін төмендейді.

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады. Тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 1°С төмен болады.

Жауын шашының айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында мөлшерден көп, ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында және де Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында мөлшерден көп, қалған аймақтарда мөлшерден аз болады

Фото: bryansktoday.ru

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды