FIFA Әлем кубогы Қазақстанға келеді

Sputniknews.kz
Қазақстанға Кубок 2018 жылы 4 ақпанда әкелінеді деп жоспарланған.
Алматыда Халықаралық футбол күні қарсаңында Әлем кубогының Қазақстанға әкелінуіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жалпы алғанда, трофей әлемнің 50 елін аралайды, Қазақстанға оны Coca-Cola компаниясы алып келмек. Компанияның Орта Азия және Кавказдағы өкілі Александра Аккирманның айтуынша, қазақстандықтар Кубокты осымен екінші рет тамашалай алады – 2010 жылы да Қазақстанға әкелінген болатын.

"Келесі жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Кубокты тағы бір рет алып келмекпіз. Футбол федерациясымен бірлесіп осы шараны екінші рет өткізгелі отырғанымызға разымыз. FIFA-ның ережесі қатал: Әлем Кубогын мемлекет басшылары немесе әлем чемпионатының жеңімпаздары ғана ұстай алады. Бұл жолы Кубок әйнек ыдыста әкелінбек", — деді ол.

Қазақстанға Кубок 2018 жылы 4 ақпанда әкелінеді деп жоспарланған, трофей "Мега" сауда орталығына қойылмақ. Бұдан бөлек, жанкүйерлер арасында 2018 жылғы әлем чемпионатының бір матчына арналған билет ойнатылатын болады.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді