Астанада жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті

Sputniknews.kz
Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында болды.
Астанада автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды көлік қағып кетті, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында болды.

"Lexus жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді игере алмай, автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қағып кетті", — деп хабарлады полициядағылар.

Жол апаты салдарынан полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты