Балқашта ақыл-есі кем жігіт оқушыны азғындаған

Sputniknews.kz
Жігіт ұсталып, Балқаш қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Балқаш қаласында тұратын жас жігіт 12 жастағы баланы азғындауға әрекет жасаған, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұрған. Бейәдеп әңгімені баланың әкесі байқап қалып, полицияға шағым түсіреді.

"27 қарашада ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Прокуратура мәліметінше, 27 жастағы күдікті "ақыл-есі кем" деген диагнозбен облыстық психоневрологиялық диспансерге тіркелген.

Жігіт ұсталып, Балқаш қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты