Назарбаев даңғылындағы көше тақтайшалары қашан өзгеретіні белгілі болды

Фото: Амина Сержанова
Тәуелсіздік күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 заңды ұйымдардың көше тақталары ауыстырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы және Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигельдинов, Роза Бағланова атындағы көшелердің аншлагтарын (тақталарын) өзгерту 16 желтоқсанға жопарланды, - деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Әділханов, Вячеслав Банщиков, Владислав Ли сынды мәслихат депутаттары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірқатар көшелердің аншлагтарын өзгерту туралы бастама көтерді.

«Мемлекет басшысының арқасында біз барлығымыз Қазақстанда бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүрудеміз, болашаққа жоспарлар құрудамыз, әркімнің өз ісін ашуға, бизнесін жасауға барлық жғдайлар жасалған. Оның үстіне, Нұсұлтан Назарбаев даңғылы – Алматыдағы басты көшелердің бірі, сондықтан біз көше аншлагтарын жаңарту жұмыстарына атсалыссақ дейміз», – деді мәслихат депутаты, бизнесмен, меценат Вячеслав Банщиков.

Сонымен, Тәуелсіздік күні Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 заңды ұйымдардың көше тақталары ауыстырылады. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшедегі 115 тұрғын үй мен 11 заңды ұйым тақталары өзгереді. Роза Бағланова атындағы көшедегі 136 тұрғын үйдің тақтасы жаңарады. Талғат Бигельдинов атындағы көшедегі 24 үйдің тақтасы ауыстырылады.

«Атаулары өзгерген көше аншлагтары республикалық, облыстық, аудандық мәні бар қалалар, астана, поселкелер мен селолар және басқа да елді мекендер рәсімдеудің бірыңғай стандарты бойынша жүзеге асырылады», - деп түсіндірді Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі