Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Zakon.kz.
Асанов Жақып Қажыманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылордада дүниеге келген.
1985 жылдан - Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері.
1986 жылдан - Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі міндетін атқарушы, прокурордың аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратура бөлімінің бастығы.
1993 жылдан - жалпы бақылау басқармасының аға прокуроры.
1993 жылдың қазан айынан - ҚР Бас прокуратурасының жалпы бақылау басқармасының бақылау органдарында банктер, қаржы-несие қатынастары туралы заңнаманың орындалуын қадағалау бойынша бөлім бастығы.
1995 жылдың қараша айынан - кеңесші.
1996 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі.
1996 жылдан - ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2001 жылдан - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.
2002 жылдан - Павлодар облысының прокуроры.
2003 жылдан - ҚР Әділет вице-министрі.
2005 жылдан - «Атамекен» одағы» ҚҰЭП атқарушы директоры.
2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін - «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2006 жылдан - «Ордабасы» корпорациясы» АҚ президенті.
2007-2011 жж. – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылғы қаңтардан бастап – «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.
2016 жылдың 25 сәуірінен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып қызмет атқарды.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр. "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалімен марапатталған және "Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері" атағының иегері.