Қытай мен Түркиядан келетін ойыншықтар зиян – Біртанов

Фото: Baq.kz
Ведомство ай сайын xалық жиі тұтынатын тауарларды арнайы зертxаналарда тексеріп отырады.

Қытай мен Түркиядан келетiн ойыншықтар зиян. Осы елдерден әкелiнетiн ойыншықтардың көбiнiң құрамында улы заттар бар немесе олар баланы жарақаттауы мүмкін. Бұл жайлы Үкiмет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов айтты, - деп хабарлайды Baq.kz.

Жыл басынан бері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 38 мыңнан астам өнімнің сапасын жан-жақты зерделеген. Ведомство ай сайын xалық жиі тұтынатын тауарларды арнайы зертxаналарда тексеріп отырады.

«

Тамақ өнімдерінің 7,3 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Соның басым бөлігі - шетелден келетін тауарлар. Жалпы, 172 мың тоннадан астам тауарлар утилизацияға жіберілді. Себебі, олар xалық денсаулығына зиянды. Аталған тауарлардың ішінде балаларға арналған өнімдер де аз емес. Осы орайда, ойыншықтардың 36,6 пайызы балалар үшін зиян екенін атап өткен жөн. Ондай ойыншықтардың құрамында улы заттар, не болмаса, балаларды жарақаттауы мүмкін. Қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізіледі», - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, тексерістер кезінде сырттан тауар тасып жүрген 50 кәсіпкер анықталды. Олар елiмiзге 52 мыңнан астам тауар түрін алып келген. Соның ішінде жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ойыншықтар мен тамақ өнімдері бар. Жалпы, тексерістер нәтижесі бойынша 107 сот шешімі шығарылып, 20 миллион теңгеге айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды