Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған заңға қол қойды

Zakon.kz
Заң әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеруге бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған заңға қол қойды, - деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының әлеуметтік-құқықтық мәртебесін көтеруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдаған болатын. Кездесуде Елбасы әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өткен еді. Қорғаныс министрі өз кезегінде Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған