Павлодарда алаяқ телефон арқылы қонақ үй әкімшілігін 100 мың теңгеге алдап кеткен

Фото: Рavlodarnews.kz
Полиция тұрғындарды алаяқтардың тұзағына ілінбеуге және абай болуға шақырады.

Павлодарда телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Белгісіз біреу қонақ үй әкімшілігін 100 мың теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

- Ер адам қаланың бір қонақ үйінің әкімшілік телефонына хабарласып өзін Дмитрий Васильевич ретінде таныстырып, екі нөмірді броньдаған. Сөйлесу барысында броньдалған нөмірлерде екі бөтелке француз коньягі, шампан, жемістер мен қымбат конфеттер болуын өтінген. Тапсырысты жүзеге асыру үшін 100 000 теңге көлеміндегі қаржымен қонақ үй аспазы супермаркетке жіберілген. Дүкенде қымбат сусындар болмай, осы жайында Дмитрий Васильевичке ұялы телефон арқылы хабарланады. Ол осы мәселенің ресторан әкімшілігімен шешілгенін айтып, қаржыны «Киви кошелек» терминалы арқылы жолдау керектігін айтады. Қаржы жолданған соң абоненттік нөмір сөндірілген.

Осы орайда белгісіз тұлға 100 000 теңге көлеміндегі қаржыны иеленген, ал жәбірленушілер полицияға арызданған, - дейді мамандар. Осы факті бойынша алаяқтық бабымен тергеу жұмыстары басталды, қылмыс жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтау мен ұстауға бағытталған тергеу және іздеу іс-шаралары өткізілуде.

Полиция тұрғындарды алаяқтардың тұзағына ілінбеуге және абай болуға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті