Маржан Арапбаева мен Бүркіт “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды

Фото: Stan.kz
Әнші Жұбаныш Жексенұлы да елбасының қолынан марапат алды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өнер саласында еңбек етіп жүрген бірқатар өнерпаздар мемлекеттік марапатқа ие болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Олардың қатарында Бүркіт, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы сынды өнер майталмандары бар.

Жуырда ғана режиссер ретінде таспалаған тырнақалды туындысын ел назарына ұсынған Бүркіт “Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері” атанды.

“Осындай атаққа, үлкен дәрежеге мені жеткізген біріншіден Аллама, екінші әкем мен анама, үшінші xалқыма үлкен алғысым!” – деп қуанышымен бөлісті Бүркіт инста-парақшасында.

Дәл осындай атаққа ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева да лайықты деп танылды.

“Бірінші Аллаға, екінші халыққа мың да бір алғыс. Қуанышымда шек жоқ! Осы күнге жеттім, шүкір! Мен бақыттымын! Қазақ елінің өнерінің дамуына кішкене болса да үлесімді қосқаным мен үшін үлкен абыройлы міндет және қуаныш”, – деп елден сүйінші сұрады Арапбаева.

Сондай-ақ, бұл күні әнші Жұбаныш Жексенұлы да елбасының қолынан марапат алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз