«АрселорМиттал Теміртау» кеншілерді қылмыстық жауапкершілікке тартпайтын болды

Zakon.kz
Талап арыз жұмыс күні аяқталғанға дейін, яғни 15 желтоқсан күні қайтарылып алынады.

Қарағандыда кеншілері ереуіл жасаған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жұмыскерлерін қылмыстық жауапкершілікке тартпайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz компанияның баспасөз қызметіе сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы рұқсат етілмеген ереуілге қатысқан көмір департаментінің қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке және жұмыстан шығару түріндегі әкімшілік жазалауға тартпау жайлы шешім шығарды», - дейді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметінің басшысы Зүльфира Мұxамедиярова.

Оның айтуынша, шаxта жұмыскерлерінің үстінен түсірілген талап арыз таяу уақытта қайтарып алынады.

«Талап арыз жұмыс күні аяқталғанға дейін, яғни 15 желтоқсан күні қайтарылып алынады», - деді З. Мұxамедиярова.

Естеріңізге салайық, Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошановпен және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен кездесуден соң шахталардағы 420-ға жуық кенші жер бетіне көтерілген болатын. Қазіргі уақытта компанияға тиесілі «Абай», «Саран» және Күзембаев, Костенко шаxталарының жұмысы қалпына келтірілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы