5 млн теңгені иесіне қайтарған полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Baq.kz
Марапат Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде салтанатты іс-шарада табысталды.

ЭКСПО көрмесінде 5 млн теңге ақша тауып, иесіне қайтарып берген қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазады Baq.kz.

Осы жылдың 27 маусымында Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Жол патрульдік полиция полкінің полицейі, полиция сержанты Ерсұлтан Шәкербай халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде ЭКСПО қалашығында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау барысында қомақты ақша тауып алып, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, табылған 5 миллион теңге ақшаны иесіне қайтарып берген. Мінсіз қызмет атқарып, өзгеге үлгі көрсеткендігі, сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалаудағы қырағылығы үшін полиция сержанты Ерсұлтан Шәкербай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ерсұлтан Шәкербайға марапат Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай өткен салтанатты іс-шарада табысталды.

«Тәуелсіз республикамыздың қалыптасуы кезеңінде қарағандылық тәртіп сақшылары қашан да қылмыспен күрес, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жолында алдыңғы шептен көрінді. Өйткені бізге жүктелген міндеттерді орындауда атқарған жұмыстарымыз арқылы еліміздің гүлденіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасының өсуіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. Осынау жылдар аралығында Қарағанды облысы Ішкі істер органы қызметкерлері өздерінің еңбектерімен кіршіксіз атқарған жұмыстары арқылы жерлестеріміздің тыныш жағдайда өмір сүруіне септігін тигізуде», - деді құттықтау сөз сөйлеген Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал–майоры Мергенбай Жаппаров.

Сондай-ақ, мерекеге орай Қазақстан Республикасы ІІМ және облыстық ІІД басшылығының бұйрығымен 48 қызметкер грамотамен, алғыс хатпен 28, 2 қызметкер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, кеуде белгісімен 1 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, 33 қызметкерге алғыс жарияланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз