Алматыдағы зообақ есепшісі 7 жылға сотталды

Sn.kz
Ол 32 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп, жаратып жіберген.

№2 Медеу аудандық соты Алматыдағы зообақ есепшісі Марина Назарованы 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады ҚазТАГ.

«М.Назарованы мүлкін тәркілей отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте жергілікті өзін-өзі басқару немесе қаржы органдарында материалды жауапты қызметті басқаруға тыйым салу және жазасын орташа кауіпсіздік жүйесіндегі түзеу мекемесінде өтеу туралы жаза беру», – деп үкімді жариялады сот төрағасы Фаррух Омаров сәрсенбіде.

Сонымен қатар, сот мемлекеттің пайдасына материалдық шығынды өтеу ретінде 32 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Тергеу көрсеткендей, М. Назарова 2015 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін компьютерде билеттердің сатылымы туралы мәліметтерді өшіріп отырған. Осылайша, ол 32 млн теңгеден астам қаржыны иемденіп, жаратып жіберген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды