Ақтөбеде ректор Ердембековтің үстінен 14 адам еңбек инспекциясына арыз түсірді

Аktobenews.kz
Оқу орнының мамандары жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтып, өкілетті органға арыз түсірген.

Ақтөбедегі Жұбанов университетінің ректорына қатысты айқай-шу көбейіп кетті. Бауыржан Ердембековтің үстінен 14 жұмысшы еңбек инспекциясына арыз жазған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жұмысшылары көмек сұрап еңбек инспекциясын жағалап жүр. Оқу орнының мамандары жұмыстан заңсыз шығарылғандарын айтып, өкілетті органға арыз түсірген.

«Жұбанов университетіне қатысты бізге арыздар түсті. Ондай арыздар бізде бар. Жұбановтың сұрақтары негізінен уақытында айлық төлемеу, жұмыстан заңсыз шығаруға қатысты. Тексеру барысында, жұмыс беруші тарапынан кеткен заңсыздықтар да анықталды. Еңбек инспекциясы жұмысшының қызметтен шығарылуының заңдылығын ғана тексереді. Ал жұмысқа қайта орналастыру мəселесін сот шешеді», — дейді Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев.

Инспекция мамандарының хабарлауынша, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректорына қатысты шағым айтқандар саны 14 адамға жеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады