Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді

Stan.kz
Азаматтық некедегі әйелін соғып өлтірген БМВ Х5 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Келіншегін таңертең жұмысқа алып келіп, машинасынан түскен әйелді кеңсе қабырғасына жапырып соғып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Марқұм Көкшетауда құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорынның бас есепшісі болған. Қатты соққы алған 37 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетті. Баспалдақтарда қансырап жатқан бас есепшіні осы серіктестіктің жұмысшылары көрген. Жедел жәрдем шақырғанымен бәрі де кеш еді. Азаматтық некедегі әйелін соғып өлтірген БМВ Х5 көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Ол лауазымдығы қызметтегі келіншегін қасақана өлтірген.

“Әйелмен өзара келіспеушілік болғанға ұқсайды. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні арнайы құрылған жедел топ қала ішінде кешікпей ұстады.ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды