Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтiк көмекті кімдер алады

Stan.kz
Облыс әкiмi атаулы әлеуметтiк көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана берiлетiнiн тiлге тиек еттi.

2018 жылдан бастап мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек жаңа форматта берiлетiн болады. Облыстық әкiмдiктiң отырысында осы мәселе талқыланды деп хабарлайды Zakon.kz әкімнің сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенконың айтуынша, әлеуметтiк көмек алу үшiн тұрмысы төмен азаматтар еңбек етулерi қажет.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов атаулы әлеуметтiк көмек тек мұқтаж азаматтарға ғана берiлетiнiн тiлге тиек еттi.

«Бiздiң мақсатымыз — көмектi алушыларды азайту, бiрақ олардың алатын ақшасы көбеюi керек. Олар жұмысқа тұрып, белсендiлiк таныту қажет. Механизмдер бар. Бұл бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы, ара шаруашылығы және тағы басқалары», — дедi өңiр басшысы.

Қазiр облыста атаулы көмектi алатын 4196 отбасыдан 16716 азамат анықталды. Бұл бағытқа бюджеттен 319 млн. тг. бөлiнедi.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз