15 жастағы қыз жыныстық қатынастан соң қайтыс болды

Sn.kz
Жасөспірім қыз 19 жастағы жігітпен гараждағы көлік ішінде жыныстық қатысқа түскен.

15 жастағы қыз жыныстық қатынастан соң қайтыс болды, деп жазады Lenta.ru.

Жасөспірім қыз 19 жастағы жігітпен гараждағы көлік ішінде жыныстық қатысқа түскен. Оқиға Ресейдің Пенза облысында, жексенбіге қараған түні болған. Гараж қақпасы жабық тұрған. Жігіт жылы болсын деп көлікті оталдырып қойған.

"Біраз уақыттан кейін қыз бен жігіт әлсірей бастайды. Күдікті көлік қозғалтқышын сөндіріп, шығуға тырысқан. Өзінің айтуы бойынша, есінен танып қалған екен. Есін жиған соң ғана гараждан шыққан", – дейді полицейлер.

Күдіктінің туыстары жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін қыз бала көз жұмған. Ал 19 жастағы жігітке қатысты Ресейдің Қылмыстық кодексіндегі "Абайсызда адам өлтіру" және "Он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы