Ақышев Ұлттық қордың шетелде бұғатталған 22 млрд долларына қатысты түсініктеме берді

Sputniknews.kz
Ұлттық банк төрағасы бұл даудың оң шешім табатынынан үмітті

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев шетелде Ұлттық қордың 22 млрд долларының бұғатталуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Америкалық BNY Mellon банкі Ұлттық қордың шетелде сақталған 22 млрд долларын бұғаттап тастаған болатын. Оған себеп Молдова кәсіпкері Анатолий Стэти мен оның компанияларының Қазақстан үкіметінің үстінен түсірген шағымы.

Данияр Ақышев банк-кастодиан Ұлттық қор активтерін заңсыз бұғаттады деп отыр. Сондықтан Қазақстан Лондонның жоғарғы сотына жүгінген.

"Талап-арыз сомасы бұғатталған актив сомасымен салыстыруға келмейтіні айдан анық. Біз мұның қаншалықты заңды жасалғанына көз жеткізу үшін шағым түсірдік. Екіншіден, бізде кастодианмен (бағалы қағаздарды сақтайтын банк) келісімшарт ағылшын құқығы бойынша бекітілген. Тиісінше, біз Лондонның жоғарғы сотына жүгіндік. Сот біздің шағымды қабылдамады. Алайда біздің аталған шешімге шағымдануға мүмкіндігіміз бар. Біздің ойымызша, банк-кастодиан бұл активтерді заңсыз бұғаттады. Қазір біз осыған қатысты жұмыс жүргізіп жатырмыз", — деді Ақышев.

Десек те, Ұлттық банк төрағасы бұл даудың оң шешім табатынынан үмітті.

"Жағдай тым ушығып тұр деп ойламаймын, активтерден айырылып қалу туралы сөз болып тұрған эжоқ. Әрине, бұл заң аясындағы дау. Түптің түбінде өз шешімін табады деген ойдамын. Біз білікті консультанттар жалдадық, олар тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Соларға сенім артамыз", — деді Ақышев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты