Ақтөбеде жаңа жылдық шырша құлап қалды

Sputniknews.kz
Әкімдік шыршаны дұрыстап орнатпағаны үшін кешірім сұраған.

Ақтөбеде қатты жел соғып, жаңа жылдық шыршаны құлатып кетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Facebook желісінде.

"Бүгін алай-түлей жел соғып, ауа райы ашуына мінгендей болды. Өкінішке орай, Тұңғыш президент атындағы саябақта орналасқан шырша ұйытқыған желге шыдамай, құлап қалды. Мамандар бұл хабарды ести сала, тез арада іске кірісті. Ауа райы қолайсыздығына қарамастан, Ақтөбенің басты саябағында орналасқан шыршаны қалпына келтіру үшін барлық шара атқарылып жатыр", — делінген хабарламада.

Әкімдік айтып сендіргендей, болған оқиғадан соң шыршаны одан да берік етіп орнатпақ, қала тұрғындары еш алаңдамаса болады.

"Ертең бала-шаға мен қала қонақтары шырша жанында суретке түсе алады – қайтадан тұрғызып қоямыз. Табиғат анамыз ара-тұра осындай тосын сый жасайтыны бар. Бұл келеңсіздік осы жылда қалып, ендігәрі қайталанбасын", — деп тілек білдірді әкімдік болған жайт үшін кешірім сұрап.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада жақында елордалық парктің кіреберісінде орналасқан жасанды шырша өртенген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді