Мұхамедиұлы Төреғалидің концертінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді

Sputniknews.kz
Мәдениет министрі оқиғаға қатысты шара қолданылатынын мәлімдеді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал қазақ әртісі Төреғали Төреәлінің концертіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір, өкінішке орай, кез келген адам концерт ұйымдастыра алады, әнші өз бетімен концерт қоя береді. Мұндай оқиға орын алған соң, шара қолдануға тиіспіз. Мен көрерменді сыйлау керек деп санаймын", — деді Мұхамедиұлы мәжіліс отырысынан кейін.

Алайда, оның сөзіне сүйенсек, концерт ұйымдастыру заң бойынша реттелмегендіктен осындай мәселе туындап отыр. Министр әлемдік тәжірибені мысалға келтіріп, өзге елдерде концерт қойғысы келген адам, арнайы лицензия алып, барлық жайтқа қатысты жауап беретінін айтып өтті.

"Концерт ұйымдастырумен арнайы ұйым айналысатын болса, сол концертті ұйымдастырған адам жауап береді. Бұған қалай жол берілді, әнші қандай күйде болды? Әртүрлі пікір айтылып жатыр, кейбіреулерге әрекеті оғаш көрініпті. Бірақ менің мақсатым: біртіндеп өркениетті нарыққа қол жеткізу, мұндайға жол бермегеніміз жөн", — дейді министр.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің өз концертінде ерсі қылық көрсеткен видео тарады. Видеодан әншінің концертіне келген көрерменінің бірімен дөрекі сөйлесіп, соңында "Ұнамай ма? Шығып кетіңіз!" деп айтқанын көруге болады. Желі қолданушылары Төреғалидің бұл оғаш қылығына наразы болып, ел баласына тән емес мінез көрсеткен әншіні сөгіп

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды