Нархоз университетінің негізін қалаушылардың бірі Қаби Оқаев өмірден озды

inform.kz
Қаби Оқаұлы 2017 жылдың 22 желтоқсанында дүние салды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қаби Оқаұлы Оқаев өмірден өтті, деп хабарлайды Нархоз унверситетінің баспасөз қызметі.

Қаби Оқаұлы 2017 жылдың 22 желтоқсанында дүние салды.

"Бұл ғылыми қауымдастық үшін де, университет үшін де орны толмас ауыр қаза. Қаби Оқаұлы өзінің ерекше еңбекқорлығы, терең білімі, айрықша ақыл-парасаты мен тамаша ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында білім мен ғылымның ұшар шыңынан көріне білді", — делінген хабарламада.

Қазақстандағы алғашқы экономикалық жоғары оқу орны – Алматы халық шаруашылығы институтының (қазіргі Нархоз университетінің) негізін қалаушылардың бірі ретінде ол жиырма жылдан астам уақыт бойы АХШИ-дің жоспарлау экономикасы және есеп экономикасы факультеттерін басқарды. Отыз жыл бойына (1975-2005 жылдары) үздіксіз "Экономика" кафедрасының меңгерушісі болды.

Нархоз университетінің ұжымы Қаби Оқаұлының отбасына, туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты