Маңғыстауда «Асар» қайырымдылық акциясы басталды

www.46.lv
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстаулықтарға «Асар» қайырымдылық акциясын өткізуге үндеу тастады.

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов қала мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы мен аймақтағы ірі компания өкілдеріне, кәсіпкерлерге осы акцияға атсалысуға шақырды. Сонымен бірге Маңғыстау тұрғындарына да Жаңа жыл алдында жаппай көмек көрсетіп, ізгілікті іс жасау туралы ұсыныс тасталды.

«Асар – бұл ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын жұмыс. Қазақ ауылында бір отбасының қолынан келмейтін күрделі, көлемді жұмыстарды атқару үшін бірнеше ауылдың адамдары асарға шақырылған. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлемақы талап етпейді. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Сондықтан барлық Маңғыстаулықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға атсалысып, көмек көрсетуге шақырамын»,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасау әр түрлі бағытта көрсетілмек: азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және басқа да қажеттіліктерін алып беру.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме