Павлодарда 15 адам өрттен құтқарылды

Рavlodarnews.kz
Өрт туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 08.04-те түскен.

Павлодарда Короленко көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысының маманы Гаухар Сыздықова айтты.

- Өрт туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 08.04-те түскен, - дейді Гаухар Сыздықова.

- Оқиға орнында департаменттен бір звено жұмыс істеді. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде толығымен сөндірілді. 15 адам саты арқылы өздері сыртқа шыққан болса, үш адамды құтқарушылар алып шыққан. Қызыл жалын бір бөлмелі пәтердің төрт шаршы метр аумағын шарпыған.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өртің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты