Іш киіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған қазақстандық ұсталды

Baq.kz
24 грамнан астам марихуананы іш киіміне жасырып, ел аумағына алып өтпек болған.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында есірткі затын іш киіміне жасырып өтпек болған қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сарыағаш» шекара отрядына қарасты «Жібек жолы авто» өткізу бекетінің кезекшілігі қызметтік иттің көмегімен 24 грамнан астам марихуананы іш киіміне жасырып, ел аумағына алып өтпек болған 32 жастағы қазақстандықты ұстады», - делінеген хабарламада.

Ведомство ақпаратына сәйкес, ОҚО-дағы өзара іс-қимыл жасаушы және құқық қорғау органдарының өкілдері ұсталған азамат жөнінде хабардар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды