Павлодар облысында өрттен екі адам көз жұмды

Рavlodarnews.kz
Оқиға орнынан 88 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел адамның денесі табылған.

Ақсу қаласында Б. Момышұлы көшесі, 129 мекенжайы бойынша орналасқан үйден шыққан өрт салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпып өткен.

Тілсіз жау сағат 08.04-те ауыздықталып, сағат 9.20-да толығымен сөндірілген. Оқиға орнынан 88 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйел адамның денесі табылған.

- Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 15 адам мен үш техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, Павлодар қаласына іргелес жатқан Жаңаауыл кентінде жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештен ақау кетуінен бір адам ысты газдан уланып қалды, - деді департаментте.

Қазіргі таңда 55 жастағы ер адам № 1 қалалық аурухананың терапия бөлімінде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады