Солтүстік Қазақстанда боран кезінде жас мұғалім жоғалып кетті

ҚазАқпарат
Іздеу топтары жұмыс істеп жатыр.

СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Уалиханов ауданының тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД, АІІБ, ТЖ, әкімдіктің қызметкерлері кешеден бері 20 жастағы Береке тұрғынын іздеп жатыр.

«Бейсенбі күні мұғалім 12:30-да мектептен шығып кетіп, үйіне бармаған. Оның жолда адасып жүріп ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Кейін, боран салдарынан жол көрінбей, белгісіз бағытқа кеткен», - деп пікір білдірді баспасөз қызметіндегілер.

Бейсенбі күні Береке ауылында қатты жел тұрғаны соншалық, үйлер көрінбеген. Сондай-ақ, жас жігіт жергілікті тұрғын болмай шықты.

АІІБ бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды