Ақтөбеде анасын өлтірген қыз сотталды

ҚазАқпарат
Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген.

Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы Оксана Диде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Оксана Дидеге үкім шықты. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Оксана Диде өткен жылдың қазан айында ішімдік ішіп, үйінде анасымен жанжалдасып қалған.

Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген. Бірнеше рет ішінен пышақтаған. Ауыр жарақат алған сотталушының анасы оқиға орнында қаза тапқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы Оксана Диде өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді.

«Оксана Дидеге Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, 906 мың теңге сот шығындары өндірілсін», - деді судья Алтынбек Сабыров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды