Қазақстан мен АҚШ ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

Sputniknews.kz
Екі елдің ғарыштық ведомстволары мен компаниялары ақпараттық технологиялар және спутниктік байланыс жүйелері саласында бірге жұмыс істейтін болады.

Қазақстан мен АҚШ ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚАӨМ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі "Hexagon Geospatial" компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістіктік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады.

"Ғалам" ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы "iDirect" компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Аталған Меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді.

"Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басшылығы "ESRI" компанияның өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында "ESRI" серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды