Ақтауда экстремистік сипаттағы ақпарат таратқан екі адам ұсталды

Хабар 24
Күдіктілер 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақтауда әлеуметтік желілерде экстремистік сипаттағы ақпарат таратқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың бірі – бұған дейін 4 жыл шартты жазаға кесілген азамат. Қылмыстық кодекстің 174-бабымен қозғалған тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданды. Күдіктілер 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы өткен жылы облыс бойынша дәстүрлі емес діни ағымдар тарапынан жасалған 50-ден аса дерек тіркелген. Теріс ағымдағы діни рәсімдер өткізіліп келген 5 мекенжай анықталып, заңсыз миссионерлік қызметі үшін 2 адамға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

- 2017 жылы жергілікті мешіттерде имамдардың заңды іс-әрекеттеріне кедергі келтірген 17 адамға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабымен 1 млн 928 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ экстремистік сипаттағы әдебиеттерді таратқан және заңсыз медициналық қызмет көрсеткен тұлғалар 20 және 5 АЕК көлемінде әкімшілік жазаға тартылды, - деді өңірлік ІІД экстремизмен күрес басқармасының басшысы Рашид Қуандықов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты