Өскемендік имамдар тегін такси қызметін ұсынды

Хабар 24
Бүгінде ұзын саны 30 көлік қала көшелерін шарлап жүр.

Өскемендік имамдар сақылдаған сары аязда көшеге шығып, адамдарға тегін такси қызметін ұсынды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгінде ұзын саны 30 көлік қала көшелерін шарлап жүр. Мешіт өкілдері әсіресе аяз қысқан кешкі мезгілде такси көмегіне зәрулік артатынын айтады. Ізгілікке үндеген дін қызметкерлері жаурап-тоңған жұртқа жылы сөз айтып, ыстық шай ұсынады. «Дініне, түріне қарамай, барлығын тең көреміз», – дейді олар. Игі бастаманы жастар да қолдапты. Мейірімге бөленген өскемендіктер мен қала қонақтары қайырымды жандардың өнегелі ісіне риза.

- Өскемен қаласына тест тапсыруға келіп едім. Осындай мейірімділікті көріп тұрғаныма қуаныштымын. Рақмет! Қатты аязда жылылық берді, - деді Семей қаласының тұрғыны Бекнұр Нұрланов.

- Қазақта «халыққа қызмет – хаққа қызмет» деген сөз бар. Сондықтан осы қаһарлы аяз күндері «Халифа Алтай» мешітінің ұжымы осындай қайырымды іс жасап, ыстық шай таратып, «имам» такси жобасы тек Рамазан айында ғана емес, осындай қауырт күндерде шығып жатыр. Қала мешіттерінің барлығы іс-шараға атсалысып жатыр, - деді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб-имамы Дәулет Қабидолдин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды