Атырауда тхэквондоға қатысқан оқушы көз жұмды

Sputniknews.kz
Бала әуелі өзін нашар сезініп, кейін спорт залда есінен танып қалған.

Атырауда он екі жастағы бала тхэквондо жаттығуынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 20 қаңтарда болған, оқушы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Ата-анасынан айырылған бала әжесінің қолында тұрады екен, спорттық секцияға бір айдай бұрын келген.

Бапкері Фархад Атырауовтың сөзіне сүйенсек, Ислам сенбі күні жаттығуға келіп, бастапқыда баладан ешқандай ауру нышаны байқалмаған.

Дене қыздыру жаттығуларына кіріскенде, бала бірнеше рет айналып жүгірген соң өзін нашар сезініп, спортзалдың бір бұрышында тұрып қалады.

"Неге тоқтадың деп сұрадым. Ол басым ауырып, құсқым келіп тұр деді. Мен орындық бердім. Біраз отырған соң, қайта жаттығуға кірісті. Балалар көп болған соң, оны байқамадым — 25-30 адам. Бес-алты рет айналып жүгірген соң бала құлап қалды. Жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер келіп, алып кетті. Біз артынан ауруханаға барғанымызда, көз жұмғанын естідік", - дейді Атырауов.

Кейінірек анықталғандай, Ислам қан ауруына шалдығып, 2014 жылдан бері есепте тұр екен. Бапкер баланың науқасын білмей, секцияға қабылдаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады