Қазақстан мұнай экспортынан 23 млрд доллар пайда көрді

Мұнай тасымалдау көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 37,1% өсті.

2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан мұнай экспортынан 23,5 млрд доллар (61,7 млн тонна) пайда көрді, деп хабарлайды Baq.kz.

Мұнай тасымалдау көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 37,1% өсті. Статистика комитетінің ақпараты бойынша, ең көп мұнайды Италия 7,4 млрд долларға сатып алған. Осылайша аталған мемлекетке тасымалданған мұнай көлемі 15,3% өсті.

Голландия мұндай шикізатты - 3,3 млрд долларға, Швейцария - 2,1 млрд долларға, Франция 2,5 млрд долларға сатып алды.

Бұдан өзге, Испания Қазақстаннан сатып алған мұнай үшін - 1,3 млрд доллар, Греция - 712,6 млн, Румыния - 761,6 млн, Қытай - 689,9 млн және Португалия 528,7 млн төледі.

Мұнымен қатар, Қазақстан мұнайы Хорватияға (288,7 млн), Кореяға (783,7 млн), Үндістанға (543,5 млн) және т.б. мемлекеттерге тасымалданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: