Ел аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, тұман, жел жылдамдығы 15-20 м/с болып күшеюі мүмкін.
Алматы облысының Алакөл аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке жетеді, түнде кей жерінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар (күндіз), Маңғыстау (түнде) облыстарының кей жерінде жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман болады.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысында аяз сақталады, кей жерінде күшейе түседі, Жамбыл облысында да үскірік аяз жалғасады, кей жерде өте қатты аяз болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде аяз сақталады, солтүстік бөлігінің кей жерінде күн суытады.
Маңғыстау облысының кей жерінде өте қатты аяз болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде үскірік аяз болуы ықтимал.