Қостанайда жылу компаниясының автобусы қоршауға соғылды

ҚазАқпарат
Бүгін ұжымдағы барлық көлік жүргізушілері медициналық тексеруден өтеді.

Қостанай қаласындағы Воинов-Интернационалистов көшесінде жылу-энергетикалық компанияның автобусы көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы бүгін қаладағы 15-дүкен маңында болған.

Қызметтік автобус «Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы» МҚК тиесілі екені анықталды. Мұны агенттік тілшісіне аталған компанияның директоры Асқар Бекпағанбетов айтты.

«Сол күні біздің қызметкерлер коммуналдық төлемдерге қарызы көп тұрғындармен кездесуге шыққан. Егде жастағы автобус жүргізушісі бақылаушыларды біраз уақыт күтіп отырған. Автобусты тұтатып, қозғала берген сәтте ол өзін жайсыз сезінген. Одан кейінгі жағдайды жақсы білесіздер. Қазір әріптесіміз қалалық ауруханада ем алып жатыр», - деді Бекпағанбетов.

Жылу компаниясының директоры айтқандай, бүгін ұжымдағы барлық көлік жүргізушілері медициналық тексеруден өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты