2019 жылдан бастап полигонға 19 қоқыс түрін тастауға тыйым салынады

Stan.kz
Алдағы уақытта әйнек, полиэтилен қапшықтар мен картон қағаздарына да жеке контейнерлер орнатылады.

2019 жылдан бастап Қазақстандағы қоқыс полигондарына тұрмыстық қалдықтардың 19 түрін тастауға тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақтауда қоқыс сұрыптау ісі басталып кетті. Әрбір көпқабатты үйдің ауласына пластикалық құтыларға арналған торлы жәшіктер қойылып жатыр. Екі аптаның ішінде 100 шақтысы орнатылған. Мұндағы қоқыстар аптасына бір рет алынып, қайта өңдеуге жіберіледі.

Алдағы уақытта әйнек, полиэтилен қапшықтар мен картон қағаздарына да жеке контейнерлер орнатылады. Ол үшін арнайы орындар белгіленді.

“Қоқыс жәшіктерді экологиямызды тазарту үшін қойып жатырмыз. Барлық қоқыстарды бөлек бөлшектеп жинап, жиналған пластикалық құтыларды, баклашкаларды біз қайта өңдеуге зауытқа, Атырауға, Ресейге жібереміз. Халық ақырындап үйреніп жатыр бұған. Қазіргі күнге 100 шақтысын қойдық. Жоспарымызда әлі наурыздың аяғына дейін 300-ге дейін көбейту мақсаты тұр”, -дейді қоқыс контейнерлерін қондырушы компанияның директоры Нұрқия Бекниязова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды