Қазақстанда уақытша тіркеуді SMS арқылы ұзарту қызметі енгізіледі

ҚазАқпарат
Жаңа қызметті пайдалану үшін адамдар мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов жаңа қызметтің іске қосылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, жақында уақытша тіркеуді SMS-хабарлама арқылы ұзарту қызметі енгізіледі. Аталған шешім ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қабылданды.

«Уақытша тіркеудің аяқталуына бір күн қалғанда тіркеуді ұзарту туралы SMS-хабарлама жіберіледі. Адам өз келісімін берсе, уақытша тіркеу ұзартылады. Бұдан бөлек, дәл сондай хабарлама үйдің иесіне де жіберіледі. Ол да уақытша тіркеуді ұзартуға өз келісімін беруі керек. Ақпараттық базада үй иесінің меншік құқығы расталғаннан кейін уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады», - деп жазды А.Оспанов Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, жаңа қызметті пайдалану үшін уақытша тіркеуді ұзартатын адам да, үйдің иесі де мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. Ал жеке сәйкестендіру нөмірін мобильді телефонмен байланыстыруды Egov порталының жеке кабинетінде, я болмаса, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жасап алуға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев