Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрағаттағы суреті жарияланды

Zakon.kz
Сондай-ақ, президенттің кітабынан үзінді жарияланды.

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook парақшасында ҚР Президентінің мұрағаттық суретін және «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«1998 жылы әуежайдан келе жатқан жолда «Еліміздің жаңа орталығын «Астана» деп атауды дұрыс көрем» деп, ойымда жүрген сөздің ұштығын шығарып қалған едім. Кешқұрым резиденцияда астана атауына байланысты әңгімеміз жалғасты. «Астана» деп атауға не себепті ықыласым ауғанын айтып, дәлелді дәйектер келтірдім. «Біріншіден, «астана» сөзінің мағынасы айқын. Елдің бас қаласы ұғымын білдіреді. Екіншіден, саяси және тарихи тұрғыдан алғанда да, әркім әрқалай түсініп, қабылдайтындай атау емес. Үшіншіден, «астана» деген сөздің өзі қаланың атқаратын қызметін көрсетіп тұр. Мемлекеттік тілде айтсаң да, басқа тілде айтсаң да, құлаққа жағымды, айдынды атау. Оның үстіне: жаңа астаналар тұсаукесерінде қала атауы – әлем мемлекеттері бас қалаларының тізіміне еніп, қала символына айналуы да мүмкін», – деген едім», - деп жазған Елбасы кітабында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі