Алматы облысы әкімінің орынбасары көмір тапшылығының себебін түсіндірді

Baq.kz
Ауа райының күрт суытына байланысты 20-24 қаңтар күні көмір өндірісі кідіріп қалды.

Алматы облысы әкімдігі не себепті көмір тасымалдауға байланысты қиындықтар болып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының күрт суытына байланысты 20-24 қаңтар күні көмір өндірісі кідіріп қалды. Осының салдарынан Алматы облысына көмір тасымалдаушылардың кестесі бұзылды. Биылғы жылдың 25 қаңтарынан бастап көмір резервіндегі жұмыстар кестеге сай жүргізіле бастады. Дәл қазір көмір тасымалдауға қатысты жағдай тұрақталды», - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов.

Мұнымен қатар, Байжанов аталған аймақ тұрғындарының 1 308 мың тонна көлемінде көмір сатып алғандарын айтып өтті. Бұл қажетті көлемнің 93 пайызын құрайды.

«Алматы облысындағы «Ойқарағай» разрезінде 29 640 тонна көмір бар. Оның орташа бағасы – 15,5 мың теңге», - дейді әкімнің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді