Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

khabar.kz
Алматы облысының кей жерлерінде бүгін де қатты аяз болады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында 24-29 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді –15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау облысында көктайғақ болады деп болжануда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде бүгін де қатты аяз болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек