Оңтүстік Қазақстанда жеті жасар бала суға ағып кетті

ҚазАқпарат
6 құтқарушы іздеп жатыр. Әзірге олар баланы тапқан жоқ.

ОҚО-дағы Арыс өзенінде жеті жасар бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 31 қаңтар күні сағат 17.00-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында болған. Бала өзенге байқаусызда құлап кеткен.

«31 қаңтар күні сағат 17.28-де Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында 2011 жылғы баланың абайсызда Арыс өзеніне құлап, суға ағып кеткені туралы хабарлама түсті», - делінген ведомствоның хабарламасында.

6 құтқарушы іздеп жатыр. Әзірге олар баланы тапқан жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты