Қостанай облысында енесін балағаттаған ер адам қамауға алынды

Baq.kz
Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Лисаковск қаласының соты енесін балағаттаған 35 жастағы ер адамды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«23 қаңтарда ер адам түн ішінде мас болып, енесіне жаман сөздер айтып, оны балағаттаған. Ол бұған дейін де осындай қылығы үшін жауапқа тартылған болатын. Бір жылдың ішінде екінші рет осындай жағдай болып отыр. Сот қаулысына сәйкес, ол айыпты деп танылды. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп жазылған соттың хабарламасында.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты