Алматыда ірі компанияның есепшісі анасының емі үшін 300 миллион теңге ұрлаған

Сурет: zakon.kz
Әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыда тамақ өнеркәсібімен айналысатын ірі компания есепшісі сот алдында жауап берді, деп хабарлайды InAlmaty.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша әйел 300 миллион теңгеден астам соманы ұрлаған.

Бірінші ұрлықты 2015 жылы жасаған. Ол кезде әйел 166 миллион 303 мың теңгені қолды еткен.

"Сотталушы 2015 жылға арналған мемлекеттік бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын 91 094 472 теңгеден 257 397 508 теңгеге дейін арттырған", - делінген хабарламада.

2016 жылы айыпталушы бюджетке төленетін қаржының 166 036 908 теңгесін өзінің картасына аударып алған.

Сот отырысында есепші өз кінәсін мойындап, ақшаны анасының емі үшін ұрлағанын айтты.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі. Сондай-ақ, 6 жыл бойы есеп-қисап саласында жұмыс істеуіне шектеу қойды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік