Фидель Кастроның ұлы өзіне қол салып қайтыс болды

sn.kz
Диас-Баларт соңғы уақытта дәрігерлерге жиі көрініп, өзінің күйзелісте жүргенін айтқан екен.

Кубаны 47 жыл бойы басқарған әйгілі Фидель Кастроның үлкен ұлы Анхель Кастро Диас-Баларт өзіне қол салды, деп жазады Reuters.

Кубаның мемлекеттің БАҚ өкілдері хабарлағандай, Диас-Баларт соңғы уақытта дәрігерлерге жиі көрініп, өзінің күйзелісте жүргенін айтқан екен. Ал, 2 ақпан күні таңертең ол суицид жасаған.

Белгілі болғандай, Кастро күйзеліске түскеннен кейін ұзақ уақыт ауруханада жатыпты. Кейін оның жағдайы жақсара бастағаннан кейін дәрігерлер үйінде ем қабылдау керек деп шешіп, ауруханадан шығарған. Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырды.

Анхель Кастро Диас-Баларт - ядролық физика саласының ғалымы, ол 11 кітап пен 150 ғылыми мақаланың авторы. Ол көзі тірісінде энергетика технологиясы, ғылымдардың өзара байланысы және қоршаған ортаға әсері сынды ғылымдарды зерттеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді