Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды

Хабар 24
Көк түтіннің будақтап жатқанын көріп, көршілері өрт сөндіру қызметіне хабар берген.

Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, зардап шеккендер құтқарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Көк түтіннің будақтап жатқанын көріп, көршілері өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өйткені пәтер сыртынан құлыптаулы екен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2-қабаттағы балкон арқылы 86 жастағы әжей мен 4 және 5 жастағы немерелерін сатының көмегімен сыртқа шығарды. Иіс тиген оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Кейін анықталғандай, әжейдің келіні есікті сыртынан жауып, жұмысқа кеткен. Алғашында балкондағы қызыл жалынмен өзі жалғыз күрескен кейуананың шамасы жетпеген. Алдын ала болжам бойынша, балконға жоғары қабаттардан темекі тұқылы түскен.

Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды