Қызылорда облысында автобус жүргізушілері тексерістен өтіп жатыр

Тoday.kz
Көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қызылорда облысы көлемінде 2018 жылғы 22 қаңтар – 18 ақпан аралығында өткізіліп жатқан "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күндігінде 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Today.kz Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 36 автокөлік, жылдамдықты шамадан асырғаны үшін 33 автокөлік, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 8 автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарудың 24 дерегі, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат берудің 1 дерегі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабына сәйкес көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.

Атап өтерлік жайт, аталған іс-шара Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіліп, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықтауға бағытталып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады