Солтүстік Қазақстан облысы мұражайларына кіру тегін болады, деп хабарлайды Today.kz СҚО облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жөнінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкерлік және туризм басқармасының коллегиясында мәлімдеді. Бұл қадам келушілер мен шетелдік туристердің қатарын көбейтуге септігін тигізбек.
"Біздің мұражайлар тегін істеу керек. Кіру үшін ақша алмау қажет. Біз олардың қанша ақша табатынын білеміз, көп қаржы емес. Мәдениет басқармасынан нақты ұсыныстар күтемін", - деді Құмар Ақсақалов.
Туризм облыстың қазынасына 700 миллион теңгеден аса табыс әкелді.
"Алайда бұл жеткіліксіз", - деді өңір басшысы.
Туризмнің дамуына бірнеше фактор әсер етеді: инфрақұрылым, қызметтер және сапалы қызмет көрсету.
"Туристерді тарту үшін жақсы инфрақұрылым керек. Қонақтар жақсы қонақ үйде тұрып, көңілге қонымды дәмханаларға бару керек. Біз қазір қонақ үйлерді қалыпқа келтіріп жатырмыз. Ал дәмханалар бойынша көп сұрақ бар. Көп жылдан бері олар өзгермеген. Қазір туристердің талғамы өте жоғары", - өңір басшысы.
Биыл темір жол вокзалы да қайта жаңғыртылады. Петропавл қаласының айналасындағы демалыс орындары да талапқа сай болу қажет. Туризмнің дамуына басты кедергі – сапасыз жолдар. Қос туристік аймақ – Айыртау және Қызылжар ауданындағы жолдарды жөндеуге биыл 4 миллиард теңге бөлінді.