Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған

Stan.kz
Үйдің екі қабаты да өртеніп, түгі қалмай жанып кеткен.

Астана маңындағы Ильинка елді мекенінде екі қабатты үйдің бірі өртеніп кетті. Түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл жайтты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, желіге жүктеді.

«Үйдің екі қабаты да өртеніп, түгі қалмай жанып кеткен. Тек Құран кітаптары ғана аман қалыпты. Көрдіңіздер ме? Құдайдың құдіреті. Алланың сөздері, кітаптың іші-сырты сау. Үйдегі басқа құжаттар мен техникалық құралдардың бәрі өртеніп кеткен», – дейді ол.

Видео қыс мезгілінде түсірілгендіктен оқиға жақын уақытта болған деп топшылауға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды