Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

kaz.tengrinews.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын болады.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты