Шымкенттің ең жас ақыны республикалық додада топ жарды

ҚазАқпарат
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ақын қатысты.

Астана қаласының жəне Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты Республикалық ақындары айтысы айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен жастар жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ақын қатысты.

Дүбірлі додаға қатысқан жас ақындар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы рухани құндылықтарды дəріптеп, оларды жырға қосты.

Еліміздің ажарына айналған Астана қаласы мен өнерлі жастарды қанат қақтырған ордалы оқу орнының 20 жылда жеткен жетістіктері мен жасампаз келешегін жырға қосты. Айтыстың бірінші айналымында оңтүстіктің жас ақыны Нұрғали Əнапия Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Бек Шматпен айтысып, басым түсті.

Ал, екінші сында Ақтөбе облысының дүлдүлі Əлихан Жақсылықпен тартысып, оза шықты. Сөйтіп бас жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, Нұрғали Əнапия өткен жылы Шымкент қаласының «Ең жас ақыны» номинациясының иегері атанған. Ол алты жасынан бастап айтысқа қатысып, облыстық, республикалық, халықаралық додаларда топ жарып жүр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды